Павлодарда қылқалам шеберінің жеке көрмесі ашылды (ВИДЕО)

Павлодарда қылқалам шеберінің жеке көрмесі ашылды (ВИДЕО)

Көрмеге суретшінің 20-дан астам туындысы қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Сурет көрмесі С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы жанындағы «Айна» галереясында көрерменге жол тартты.

- Бұл шара келер ұрпаққа ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Мұнда жерлесіміз, қылқалам шебері Ақертіс Солтанбаевтың қылқаламынан туындаған ерекше туындылары қойылды, - делінген хабарламада.

«Қылқалам ұшындағы табиғат» атты жеке сурет көрмесінде автордың пейзаж, портрет, кескіндеме жанрында салынған 20-дан астам туындысы қойылды. Сондай-ақ, өнер иесінің тума таланты бағаланып, ҚР Суретшілер одағы және Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы атынан Алғыс хаттар табысталды. 

Көрмеге өңіріміздің талантты суретшілерімен қатар осы салада білім алып жүрген студенттер, өнерге құштар қала тұрғындары да қатысып, өз қызығушылықтарын танытты.