Павлодарда отызға жуық кітапханашы марапатталды
Кітапханашылар күніне орай «Кітапханалық симфония» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Кітапхана түні-2023» әлеуметтік – мәдени акциясы аясында «Кітапханашы күніне» арналған «Кітапханалық симфония» атты мерекелік шарасы С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті. Оған Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан қатысты.
- Кітапханашы - мәртебелі мамандық. Кітапхана дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы, - делінген хабарламада.
Мерекелік шараға облыстың 100-ге жуық кітапхана мамандары қатысты.
Мұнда Железин ауданы, Михайловской ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қарлығаш Ахметбекқызы, Шарбақты ауданы, Алексеевка ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Елена Кунс және Баянауыл ауданы Ақсан ауылдық кітапханасының кітапханашысы Несіпжан Асылбекова Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Айтулы күнге орай ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісін Баянауыл ауданының ОКЖнің ардагерлері Нәзипа Казкенова, Зару Ибраеваға және С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сектор басшысы Антонина Казанцева мен осы кітапхананың кітапханашысы Рашида Ғалымова кеуделеріне тақты.
Ал «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісін С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім басшысылар Жазгүл Кажыбаева мен Сауле Жанкаринова алды.
Бұдан бөлек, ҚР Ұлттық кітапханасының Құрмет грамотасымен Баянаул ауданының ОКЖ кітапханашылары Гүлсім Талипова, Алия Сулейменова, Раушан Токанова, Жанат Альжанова марапатталды.
Сонымен қатар, бір топ кітапхана қызметкері ҚР Ұлттық кітапханасының Алғыс хатымен және Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатына ие болды.