Павлодарда қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілмек

Павлодарда қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілмек
Фото: pexels.com

Шара кішкентай бүлдіршінге көмектесу мақсатында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жәрмеңке «Оқитын Павлодар» фестивалі аясында 20 сәуірде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткізіледі. 

– Сіз жәрмеңкеден өзіңізге ұнайтын кітапты сатып ала аласыз, осылайша жақсылық жасап, өз үлесіңізді қоса аласыз. Кітаптар 19 сәуір күні сағат 19:00-ге дейін қабылданады, – дейді ұйымдастырушылар. 

Кез келген адам жыртылмаған әрі таза, қызықты кітап әкеле  алады. Еріктілер мен кітапхананың достары  кітаптарға баға берген соң саудаға қояды. Ал түскен ақша кішкентай Айлана есімді қыздың еміне жұмсалады. 

Кішкентай бүлдіршінге көмектескісі келетін жандар кітапты облыстық кітапхананың тіркелу орнында «Айланаға» деген белгімен қалдыра алады.