Павлодарда Қытай азаматтары пәтерде артемия салина өндірді деген күдікке ілінді

Павлодарда Қытай азаматтары пәтерде артемия салина өндірді деген күдікке ілінді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл су жануарларын елден әкетуге тыйым салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаздың ортасында Қазақстанға келген екі Қытай азаматы Усолка шағын ауданындағы жалдамалы пәтерде елден әкетуге тыйым салынған су жануарларын өндіру бойынша зертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді. 

– Тәртіп сақшылары «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында әкімшілік учаскені аралау барысында пәтерде қоңыр түсті ұнтақ пакеттерін, түтіктер мен сұйықтықтары бар шыны аквариумды тапты. Қытай  азаматтары оқиға орнына келген жедел тергеу тобы мен көші-қон қызметінің қызметкерлеріне үй жағдайында жануарларды қалай өндіргенін және оны қайда шығарғанын түсіндірді, – деді департаментте. 

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы 1-тармағының 1-бөлігі  – «балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)