Павлодарда қоқыс полигонында өрт шықты
Тілсіз жауды ауыздықтау жұмысы әлі де жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 14 мамыр күні сағат 21:18-де «101» пультіне қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде жіберіліп, шамамен 3 гектар аумақтағы өрт бойынша сөндіру жұмыстары жүргізілді
– Сағат 01:07-де өрт оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралу қаупі сейілді, - дейді құқарушылар.
Оқиға орнында ТЖД, «Экосервис ПВ» ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Барлығы 55 адам және 35 техника бірлігі жұмылдырылған.
Қалдықтарды жинақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін полигонға қызмет көрсететін ЖШС Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Серіктестікке 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.