Ақсуда мейрамханалардың бірінде өрт шықты
Өрт сөндірушілер газ баллон жарылысының алдын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бес қабатты тұрғын үйде орналасқан мейрамханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. Сонымен қатар, жарылыстың алдын алу үшін ас үйге кіріп, көлемі 50 литр болатын екі газ баллоны шығарылды. Өрт кезінде мейрамханада ешкім болмады, зардап шеккендер жоқ, – деді ведомствода.
Өрт 10 шаршы метр алаңда сөндірілді.