Павлодарда құрбысының атына несие алған алаяқ жазаланды
Алаяқтықтың құрбаны болған әйел 100 мың теңгеден айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, маусымда 28 жастағы облыс тұрғыны құрбысының атынан жүз мың теңге сомасына шағын несиеге онлайн-өтінім берді. Қарыз алушының сауалнамасын досының сауалнамалық деректерін, оның банктік шотының нөмірін, ұялы телефон нөмірін көрсете отырып толтырды. Сол күні шотқа жүз мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат аударылды. Кейіннен алаяқ өзінің шотына алимент түрінде ақша аударылғанын жаңылыстырып, аталған ақшаны иемденді.
– Әйелге қатысты ҚР ҚК 190 - бабы 4-тармағының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот шешімімен әйелге бір жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды, – деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Әлиев.
Айта кету керек, жыл басынан бері алаяқтардың қолынан Павлодар обласының 555 азаматы зардап шекті.
Фото: Константин Шелков