Павлодар облысында аптаның соңына дейін жылы болады
Облыс бойынша жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 18 қыркүйек күні ауа температурасы +17...+22°С болады.
19 қыркүйекте түнде +6...+11°С, ал күндіз +15...+20°С дейін жылынады. Облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман басады.
20 қыркүйекте де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +15...+20°С-қа дейін көтеріледі.
21 қыркүйек күні облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +5...+10°С болса, ал күндіз +14...+19°С-қа дейін жылынады.
Жұма күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы батыс бағытымен секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С болса , күндіз +14...+19°С көрсетеді.
Сенбі күні түнде және күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +6...+11°С, ал күндіз +14...+19°С болады. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыста секундына 9-14 метрге дейін жетеді.
Жексенбі күні түнде ауа температурасы +2...+7°С-қа дейін түсіп, күндіз +11...+16°С-қа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады.