Павлодарда бетон араластырғышы бар жүк көлігі аударылды
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 маусымда Генерал Дүйсенов көшесінде салынып жатқан нысанда КамАЗ бетон араластырғышының 57 жастағы жүргізушісі бетонды төгу кезінде аударылып кетті.
– Зардап шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде, – дейді департаментте.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде куәгерлер құрылыс шұңқырына құлаған бетон араластырғыштың суретін жариялаған.