3 қыркүйекте Павлодар облысында тұман түсіп, бұлтты ауа райы болады

3 қыркүйекте Павлодар облысында тұман түсіп, бұлтты ауа райы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +2...+7°C болады. Облыстың оңтүстігінде -1°C-қа дейін салқын күтіледі. Жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. 

Күндіз ауа температурасы +17...+22°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +3...+5°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұманды ауа райы күтіледі. 

Күндіз +7...+9°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.