Павлодарда әуе кемесінде темекі шеккен жолаушы ұсталды

Павлодарда әуе кемесінде темекі шеккен жолаушы ұсталды
Фото: pexels.com

Ұшақ отырғаннан кейін оған айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Желілік полиция бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, FlyАrystan әуекомпаниясының «Алматы-Павлодар» бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін Павлодар қаласы әуежайындағы полиция қызметкерлері акт бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды. 

– Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы облысы Талғар ауданының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Ол ұшу кезінде ұшақ салонында электронды темекі шеккен, – дейді тәртіп сақшылары. 

Азаматшаға әуе кемесінің бортында электронды темекі өнімдерін тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.