Аққулы тұрғынының үстіне қазаннан ыстық су аударылып кетті

Аққулы тұрғынының үстіне қазаннан ыстық су аударылып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Салдарынан денесінің 18% зақымдалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 49 жастағы Аққулы тұрғынының үстіне қазаннан ыстық су  аударылған. Науқас жергілікті ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлері Павлодарда үстіне қайнаған суды төгіп алған бір жарым жасар балаға көмек көрсетті.  Денесінің 16 пайызын күйік шалған сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.