Павлодарлық трамвайларда қосымша құрылғы орнатылды

Павлодарлық трамвайларда қосымша  құрылғы орнатылды
Фото: «Smart Avtobys PV» ЖШС

Бұл жолаушылар үшін жол ақысын төлеуді жеңілдетеді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

«Smart Avtobys PV» ЖШС мәліметінше, жол ақысын төлеудің ыңғайлылығы үшін трамвай вагонында қосымша арнайы кұрылғы орнатылды.

– Карточканы арнайы құрылғыдан өткізген кейін төлем сәтті болған кезде  жасыл индикатор жанады. Егер төлем өтпесе, қызыл индикатор жанады. Төлем мәртебеңіз вагонның ортаңғы бөлігіндегі планшетте көрсетіледі, – деп жазылған хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, көлік картасының құны – 500 теңге. Көлік картасымен бірге жол жүру құны 80 теңгені құрайды. Сондай-ақ стандартты жол жүру ақысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. Көлік карталарын Шөкин көшесі, 31 мекенжайынан сатып алуға болады. Қоғамдық жол ақысын қолма қол төлеу құны  – 130 теңге.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Smart Avtobys PV» | Павлодар (@smart_avtobys_pv)