Павлодардан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстердің уақыты белгілі болды
Рейстер кестесі желтоқсан айына дейін әзірленген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алматы бағыты бойынша негізгі әуе тасымалын FlyArystan авиакомпаниясы жүзеге асырады. 1-30 қыркүйек аралығында Алматыдан шығатын FS 7131 рейсі сағат 10:20-да ұшып, Павлодарға 12:10-да қонады. Кері бағыттағы FS 7132 рейсі 12:40-та ұшып, Алматыға 14:20-да жетеді. Әуе тасымалы күн сайын орындалады.
Сонымен қатар, қыркүйек пен қазан айларының кейбір күндерінде Алматы – Павлодар – Алматы бағыты бойынша қосымша рейстер қарастырылған.
11 қыркүйек пен 28 қазан аралығында FS 7133 рейсі Алматыдан 16:05-те ұшып, Павлодарға 17:50-де келеді. Кері бағыттағы FS 7134 рейсі 18:20-да ұшып, Алматыға 20:00-де жетеді.
Қазан айында FS 7131/7132 рейстері бойынша бірнеше кесте қарастырылған. Мәселен,
– 1-22 қазан аралығында, бейсенбі күндері: Алматыдан 10:55-те ұшу, Павлодарға 12:35-те келу; кері рейс – 13:05-те;
– 2-23 қазан аралығында, жұма күндері: Алматыдан 13:35-те ұшу, Павлодарға 15:20-да келу; кері рейс – 15:50-де;
– 3-24 қазан аралығында, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері: Алматыдан 15:20-да ұшу, Павлодарға 17:05-те келу; кері рейс – 17:35-те;
– 4-18 қазан аралығында, жексенбі күндері: Алматыдан 07:25-те ұшу, Павлодарға 09:05-те келу; кері рейс – 09:35-те.
Сондай-ақ 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін Павлодар мен Астана арасында Vietjet Qazaqstan авиакомпаниясының рейстері орындалады.
Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері IQ 371 рейсі Астанадан 07:50-де ұшып, Павлодарға 09:15-те келеді. Кері бағыттағы IQ 372 рейсі 09:40-та ұшып, Астанаға 11:00-де жетеді.
Жексенбі күндері кешкі рейс қарастырылған: Астанадан ұшу уақыты – 17:15, Павлодарға келу уақыты – 18:40. Кері рейс 19:05-те ұшып, елордаға 20:25-те жетеді.
Кестеде FlyArystan компаниясының 7131/7132 нөмірлі қосымша рейстері де көрсетілген. Олар 3, 10 және 11 қыркүйек күндері орындалады, бірақ уақыттары өзгертілген.
Жолаушыларға жарияланған кестенің алдын ала жасалғанын және өзгеріске түсуі мүмкін екені ескертіледі.