Павлодарда энергия үнемдейтін 25 трамвай сатып алынады

Павлодарда энергия үнемдейтін 25 трамвай сатып алынады

Трамвайларды сатып алуға тендер жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығының трамвай инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа вагондар сатып алу мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда Павлодарда 111 жолаушылар трамвайының 81-нің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Тозу деңгейі 73%-дан асады. Трамваймен жолаушылар тасымалын толық көлемде қамтамасыз ету үшін 70 вагон қажет.

Трамвай паркін жаңғыртудың бірінші кезеңінде Еуропа қайта құру және даму банкінің 8 миллиард теңге қарыз қаражаты есебінен энергия үнемдейтін 25 трамвай сатып алу жоспарлануда.

Осы жылдың тамыз айында ЕҚҚДБ сатып алу ережелері мен қағидаттарына сәйкес трамвайларды сатып алуға тендер жарияланды. Жеткізушіні таңдау процесі қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. «Достық» шағын ауданын және келешекте Екінші Павлодар шағын ауданын қамту үшін вагондардың 20 километрге дейін автономды жүру мүмкіндігі міндетті шарт болып табылады.

Облыс әкімі барлық конкурстық рәсімдерді мерзімінде аяқтауды және 10 желтоқсанға дейін қалалық рельсті көлікті субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізуді тапсырды.

Фото: Валерий Бугаев