Павлодардың 2-ЖЭО-сында күрделі жөндеу жалғасуда

Павлодардың 2-ЖЭО-сында күрделі жөндеу жалғасуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Энергетиктер жабдықтарды алдағы жылыту маусымына дайындап жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір екінші турбоагрегатта күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның аясында конденсатор тазартылуда. Бұл жабдықтың тиімділігін арттырып, сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар №4 қазандық агрегатында газ тазарту жабдықтары мен қыздыру беттері ауыстырылуда.

Станциядағы маңызды жұмыстардың бірі – түтін мұржасын техникалық тексеру. Мамандар оның жай-күйін бағалап, алдағы жылдарға арналған жөндеу жоспарын әзірлейді.

– Қазіргі уақытта 2-ЖЭО-да жөндеу жұмыстарына 118-ден астам маман жұмылдырылған. Барлық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл жұмыстар жабдықтардың сенімділігін арттыруға және алдағы жылыту маусымында олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған, – деді 2-ЖЭО бас инженерінің орынбасары Павел Мельничук.

Жөндеу науқаны мен негізгі өндірістік нысандарды тексеру 2-ЖЭО-ны жаңа жылыту маусымына дайындаудың және жылу мен электр энергиясын қауіпсіз әрі тұрақты өндірудің маңызды кезеңдерінің бірі саналады.