Павлодар көшелерінен тәулік бойы қар тазаланып, шығарылуда

Павлодар көшелерінен тәулік бойы қар тазаланып, шығарылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жұмыстарға 200-ден астам арнайы техника мен адам жұмылдырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ және АЖ бөлімінің мәліметінше, қар тазалау жұмыстары қоғамдық көліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін алдымен негізгі көшелерде атқарылып жатыр. Содан кейін қосалқы көшелерден қар шығарылатын болады.

Сондай-ақ кварталішілік аумақтар мен жеке секторларда да қар тазалау және шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Қыс басталғалы бері барлығы 410 мың тоннадан астам қар шығарылды.