Павлодардың бірқатар кәсіби нысандарында жарық болмайды

Павлодардың бірқатар кәсіби нысандарында жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамыр күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады:

  • Луначарский көшесі, 1 – облыстық кардиологиялық орталық, «Кар-тел» ЖШС; Луначарский көшесі, 1/2 – сауықтыру кешені; Луначарский көшесі, 7 – дүкендер; Луначарский көшесі, 9/1 – «Ертіс өркені» ЖШС; Луначарский көшесі, 9/8 – қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығы; 
  • Тұран көшесі, 2 – «ЭКО» баспаханасы; 
  • Тұран – Луначарский – Ә. Бөкейханұлы – Толстой көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер;
  • Қамзин көшесі, 106 – автотұрақ, дәріхана, дүкен;
  • Қамзин – Чайковский – Раскова көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер;
  • Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Циолковский көшесі, 39 – «Қазақстан» ЖШС.