Павлодарда екі автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Павлодарда екі автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындары ТҮКШ бөліміне сәйкес өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Камзин – Ладожская көшелері тұрғындарының өтініштеріне байланысты 27 маусымнан бастап №57, 115 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына Ладожская көшесіне кіруді ұйымдастыруда өзгерістер енгізілетін болады.

Маршруттардың қозғалыс сызбалары Н. Назарбаев даңғылы – Ладожская көшесі (кері бұрылыспен) – Н. Назарбаев даңғылы – ДЭУ аялдамасы арқылы өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта.