Павлодарлық іздеу жасағы қызыл әскер жауынгерлерінің заттарын тапты

Павлодарлық іздеу жасағы қызыл әскер жауынгерлерінің заттарын тапты

Экспедиция Ресей Федерациясында өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарлықтар ресейлік «Важинский іздестіру жасағымен» бірге Ленинград облысының Подпорожье ауданында экспедициялық жұмыстар жүргізуде.  «Майдан жолы»  іздеу-зерттеу жасағының командирі Александр Шитовтың айтуынша, экспедиция нәтижесінде екі Қызыл әскер жауынгерінің заттары табылды.

Ауданның орман бөлігінде далалық іздеу барысында металл іздегіш арқылы екі сигнал шықты, – деді  Александр Шитов. – Алғашқы сигнал бойынша жауынгердің қазандық, мылтық, қалта пышағы мен патрондар табылды.

Экспедиция мүшелері екінші сигналды  газтұтқыштың қақпағынан алды.  Сол қақпақтың астында медальон жатқан. Сондай-ақ  миналардың сынықтары мен оқтар табылды. 

Бұл Қазақстанда құрылған 314-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің қалдықтары екені белгілі. 

Атқа мінген Қызыл әскердің екі жауынгері де жоғары қабатта –  30 сантиметрден аспайтын биіктікте жатқан, –  деп толықтырды жасақ командирі.

Батырлар жолымен-қымбатты Даңқ»  жобасы аясында ұйымдастырылған экспедиция шілдеге дейін жалғасатын болады.

Фото: «Майдан жолы»  іздеу-зерттеу жасағы ұсынды