«Қазақстан халқына» Павлодар облысының халқына қандай көмек көрсетті
Көмектің зор бөлігі сирек кездесетін орфанды аурулармен ауыратын балаларға берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қоры Павлодар тұрғындары алдында есеп берді. Облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова қор өкілдеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.
- Осы қордың қолдауымен облысымызда бірнеше ауқымыды жобалар іске асқан болатын, - деді облыс әкімінің орынбасары. – Олардың бірі 2023 жылдың басында ашылған заманға сай жабдықталған аутист-балаларға арналған оңалту орталығы. Оның ішінде 100 бала көмек ала алады. Қордың қолдауымен орталық жұмыскерлері оқудан өтті.
«Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қоры басқарма басшысы София Айсағалиева айтып өткендей, биыл сирек кездесетін орфанды аурулармен ауыратын 39 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға облысымызға 2,6 миллиард теңге бөлінді.
- Бұл балаларымыз үшін зор көмек, - деді Айзада Құрманова. – Меніңше, біз әлі спорт саласында тығыз әріптестік орнатуымыз керек. Облыс әкімі сіздердің ауылдарда ангарлар мен спортзалдарын салу бойынша жобаларыңызға ерекше назар аударды. Сол себепті, осы салада талай іс тындырамыз деген сенімдемін.
«Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қоры барлығы 156,9 миллиард теңге жинаған. Қайырымдылыққа 49 миллиард теңге жұмсалса, 146,5 миллиард теңгеге міндеттемелер қабылданды. Павлодар облысына 3,2 миллиард теңге бөлінді.
Естеріңізде болса, 2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды.
Фото: автор