Павлодарлық әскери бөлімдерде Ауған жауынгерлерін еске алды
Іс-шара 5512 және 6679 әскери бөлімдерінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Кеш Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай арналған. Оған 6679 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Сабыр Мусин және 6679 әскери бөлім командирінің міндеттерін уақытша атқарушы, майор Олжас Мұқаш қатысты.
– Тоғыз жыл бір ай 19 күнге созылған соғыс тарихта қалды және халықтың жадында ұзақ сақталады. Соғыс тарихы жауынгерлердің қанымен, аналардың көз жасымен жазылған. Жұмақ – аналардың аяқтарының астында деп бекер айтылмаған. Күнделікті қарбалас тірлікте уақыт тауып, аналарыңызға хабарласуды ұмытпаңыздар, – деп Павлодар қаласы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымжан Шарапатов ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Сондай-ақ, 6679 әскери бөлімінде Ауған соғысының ардагері Владимир Жеребцовты ұлықтады. Оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың Құрмет хаты табысталды.
Жиын барысында ардагерлер сарбаздарға Ауған соғысы және бастарынан өткен қызықты оқиғаларымен туралы айтып, болашақ ұрпаққа сәттілік, ақ жол және биік белестерді бағындыруды тіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мен фин-угор этномәдени орталығының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды.