Павлодарлық кәсіпкерлер ЭТД басшысына көкейіндегі сұрақтарын қоя алады
Кездесу кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы аясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін облыстық экономикалық тергеу департаментінің басшысы кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелер бойынша жеке қабылдауын өткізеді.
Жеке қабылдауға +7(7182)66-03-11 телефон нөмірі немесе 5518 ішкі нөмір бойынша жазылуға болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшыларымен «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында жоспарланған тұрақты семинарлар, құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру үшін «дөңгелек үстел» отырыстары барысында кездесуге болады.