Егеуқұйрық жүрген: Павлодарда нан сататын дүңгіршектің иесі айыппұл төлейді

Егеуқұйрық жүрген: Павлодарда нан сататын дүңгіршектің иесі айыппұл төлейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандар тексерісті аяқтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

4 маусымда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған «Тандырный дворик» дүңгіршегіндегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түсті. Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барды. 

– Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды, – деді басқармада.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне және 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол  250 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек. 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде самсаның үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүрген видео таралған болатын.