«Жер аманаты»: Шарбақты ауданының ауылына төрт мың гектар жер қайтарылады
Соңғы жылдары ауданда халық үшін жайылым алаңы едәуір ұлғайтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек пен ҚР жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды.
Сапар барысында олар Шарбақты ауданы Шегірен ауылында халықпен кездесу өткізді. Соңғы жылдары ауданда халық үшін жайылым алаңы 79 мыңнан 109 мың гектарға дейін ұлғайтылғаны атап өтілді. «Жер аманаты» бағдарламасы аясында биыл тағы 4 мың гектар жерді қайтару жоспарлануда. Мамандар халықты қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жерді қайтарудың негізгі тетіктері туралы айтып берді.
– Біздің міндетіміз-жер учаскелерін игермеу және мақсатсыз пайдалану, пайдаланылмаған жерлерді, оның ішінде жер заңнамасының талаптарын бұза отырып берілген жерлерді қайтару және де күресу. Павлодар облысы бойынша салыстырмалы талдауда мұндай фактілер көп деп айтпаймын. Біз халықпен кездесеміз, проблемалар туралы алғашқы ауыздан білеміз, әр факт бойынша қандай тексерулер ашуға болатындығын зерттейміз. Президент біздің комиссияның алдына ауылдық елді мекендерді жайылымдармен қамтамасыз ету міндетін қойды, – деп атап өтті Бақытжан Базарбек.
Сондай-ақ, делегация Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында болып, «Дзюба» және «Арман» шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті. Депутаттар бұл шаруашылықтардың жұмысын жоғары бағалап, оларды қайтарылатын жерлерді ұтымды пайдаланудың үлгілі мысалы деп атады.
2023 жылы құрылған «Дзюба» шаруа қожалығының тәжірибесі ерекше атап өтілді. 30 жыл бойы өңделмеген 16,7 гектар учаскеде шаруашылық картоп пен сәбізді сәтті өсіреді. Жұмыстың бірінші жылында өнімділік гектарына 40-55 центнерді құрады, ал ағымдағы жылы гектарына 70 центнерге дейін өседі деп күтілуде.