Ертіс ауданында су тасқынына қарсы жамағат жұмылдырылды

Ертіс ауданында су тасқынына қарсы жамағат жұмылдырылды
Фото: mazhab.kz

Ауданда қардың тез еруінен кейбір үйлерді су басқан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс ауданы Ержан мешітінің имамы Төлеген Бақытбек мешіт жамағатын бастап үйлерді су басқан жерлерге барып, көмек көрсетті.  

– Су басқан үйлерге көмегін белсене көрсетіп жүрген Дархан Бейсенбаевқа ерекше алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, осындай қажетті уақытта туған өңіріне көмектесуге атсалысқан барша жамағатқа алғыс айтамыз, – дейді діни өкілдер. 

Жиналған топ судың ағысын бұру арқылы тосқауыл қойып, үйлердің ішіне кірген суды құрғату ісіне жан аянбай көмектескен.