Павлодарлық жастар демалысты тиімді өткізе алады

Павлодарлық жастар демалысты тиімді өткізе алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қатысушылар үшін жас ерекшелігіне байланысты шектеу бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

21 маусым күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Жастар бастамаларын дамыту орталығы жоғары сынып оқушылары мен студенттерді жазғы жұмысқа орналастыру үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. 

– Жәрмеңкеде оннан астам ұйым өз бос орындарын ұсынады. Бұл 16 жастан асқан жастар үшін жұмысқа орналасуға және еңбек тәжірибесін алуға тамаша мүмкіндік болмақ, – деді ұйымдастырушылар. 

Бос орындар жәрмеңкесі Ломов көшесі, 38 мекенжайында өтеді.