Павлодар облысында тоғыз бағыт бойынша жол жабылды
Қар, жаңбыр, температураның төмендеуі және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 ақпан сағат 21:00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолдардың тоғыз учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Жабылған бағыттар тізімі:
- Шідерті – Қарағанды облысының шекарасы: «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» жолы (1206-1135 км);
- Қалқаман – Қарағанды облысының шекарасы: «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» жолы (0-231 км);
- Атамекен – РФ шекарасы: «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» жолы (0-263 км);
- Мичурино – РФ шекарасы: «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Семей – Павлодар-РФ шекарасы» жолы (191-390 км);
- Кенжекөл – Абай облысының шекарасы: «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» жолы (426-587 км);
- Атамекен – Ақмола облысының шекарасы: «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолы (200-431 км);
- Павлодар – РФ шекарасы: «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолы (0-152 км);
- Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы: «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» жолы (0-112 км);
- Ақсу – Көктөбе – Курчатов: «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Курчатов» жолы (25-220 км), Ақсу қаласынан Абай облысының шекарасына дейін.
Тәртіп сақшылары өңір тұрғындарынан жолға шықпауды және техникалық қауіпсіздікті сақтауды сұрайды.