Павлодарлық жастар «Eco-серпін» эко-квестінде бас қосты

Павлодарлық жастар «Eco-серпін» эко-квестінде бас қосты
Фото: Ұйымдастырушылардан

Шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Республикалық экологиялық акциясында «ECO-Volunteer» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған «Eco-серпін» эко-квесті өтті. Оған 20 адамнан тұратын 4 команда қатысты. Қатысушылар экологиялық сауаттылықты арттыруға, командалық жұмысты дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған бірқатар тақырыптық станциялардан өтті.

Квест барысында командалар қалдықтарды сұрыптау және қоқыстарды бөлек жинау, экологиялық викториналар, қоршаған ортаны қорғау жағдайларын шешу, экологиялық бастамаларды білуге арналған практикалық тапсырмалар және экология тақырыбындағы шығармашылық челлендждерге арналған тапсырмаларды орындады.

- Іс-шараның мақсаты - жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілер қозғалысын дамыту және азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын іске асыруға тартуды көздейді. Эко-квест динамикалық және интерактивті форматта өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік, шығармашылық және командалық рухты көрсетті, - делінген хабарламада. 

«Eco-Volunteer» жобасы экологиялық құндылықтарды ілгерілетуге және «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде бастамаларды қолдауға ықпал ете отырып, белсенді және бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіруді жалғастыруда.