Павлодарлықтардың кәсіби борышына адалдығы атап өтілді

Павлодарлықтардың кәсіби борышына адалдығы атап өтілді
Фото: Константин Шелков

Асайын Байханов Құтқарушылар күні және ҚР азаматтық қорғау органдарының мерейтойына арналған құттықтауын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Өз құттықтауында ол құтқарушылардың кәсібилігі мен табандылығының арқасында облыс талай рет табиғи және техногендік қиындықтарды еңсергенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мамандық иелері өз борышына адалдық пен батылдықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

– Сіздер – ең алғашқы болып апат орнында табылатын, адам өмірі таразыға түскен сәтте бір сәт ойланбастан көмекке ұмтылатын жансыздар. Сын сағатта сабыр сақтап, ерлік пен жанкештілік танытып, биік азаматтық борыштың үлгісін көрсетіп келесіздер, – деді Асайын Байханов.

Аймақ басшысы азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне шынайы алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасылық амандық және халық игілігі жолындағы қажырлы қызметтеріне сәттілік пен табыс тіледі.