Павлодарлық жастар Президенттің Жолдауын талқылады

Павлодарлық жастар Президенттің Жолдауын талқылады
Фото: Мақсат Көлтайұлы

Спикерлер шараға қатысқан барша жастардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараның спикері ретінде Павлодар облысы бойынша GAMMA федерациясының төрағасы Болат Сүлейменов, облыстық «Jasyl el» штабының директоры, қалалық мәслихат депутаты Русана Самекова, қалалық мәслихат депутаты Гүлжайна Даримова, қалалық мәслихат депутаты Ольга Андрющенко, «Ирбис» телеарнасының тілшісі Альфия Омарова шақырылды. 

– Бүгін жастармен жиналып, биылғы жылғы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқыладық. Президенттің жастарға қойған міндеттеріне тоқталып, жастардың жолдау бойынша ойын біліп, олардың елдің дамуына қандай үлес қоса алатындығы жайлы сөз қозғадық. Сондай-ақ, креативті өндіріс саласы жайлы мәселелер талқыланды, – дейді Альфия Омарова.

Кездесу барысында жастар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, мардымды жауап алды. Жастарды көбінесе жұмыс, жастарды дамыту мәселері қызықтырды. 

– Президентіміз осы Жолдауында бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті. Мәселен, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, өнеркәсіптік сынды бағыттар. Осының барлығы еліміздің гүлдеп, дамуына әсерін тигізетіні сөзсіз. Ал бүгінгі таңдағы жастардың мақсаты  –  Қазақстанның дамуына өз септігін тигізу, пайда әкелу, – дейді спикерлердің бірі Русана Самекова. 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомар Тоқаев халыққа Жолдау  жариялаған болатын.