Павлодарлықтарға жылу үшін шамамен 35 миллиард теңге қайтарылады

Жылу энергиясының құны қайта есептеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Табиғи монополиялар туралы ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 11 тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі тікелей тұтынушыларға сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясының құнын қайта есептеуге міндетті.
Осыған сәйкес, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші маусымынан кешіктірілмейтін мерзімде табиғи монополия субъектісі жылу энергиясы құнын қайта есептеу нәтижелері мен растайтын құжаттарды уәкілетті органға немесе тиісті аумақтық бөлімшеге ұсынуы тиіс. Қайта есептеу қорытындысы бойынша уәкілетті орган тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы шешім қабылдайды.
– 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша субъектілер ұсынған құжаттарды қарауды аяқтады, – деді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
Нәтижесінде Павлодар облысының тұтынушыларына жалпы сомасы шамамен 34,8 миллион теңге қосылған құнға салынатын салық есебімен қайтарылатын болды. Оның ішінде тұтынушыларға қайтарылатын сома мынадай түрде бөлінеді: «Павлодарэнергосбыт» ЖШС – 29 631 мың теңге, «Теплосервис-Ақсу» – 209 мың теңге, Кенжекөл ауылы «ERTIS SU PVL» – 857 мың теңге, Мойылды ауылы «ERTIS SU PVL» – 528 мың теңге, Атамекен кенті «ERTIS SU PVL» – 133 мың теңге, «Теміржолсу-Павлодар» – 178 мың теңге, «Майкайыңалтын» – 1 240 мың теңге, «Қайнар» – 583 мың теңге, «Галицкое» – 1 412 мың теңге, «Победа» – 32 мың теңге.
Қайта есептеу сомасы тұтынушылардың дербес шоттарында жеке жолмен көрсетіледі және ол 2025-2026 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс қалдық ретінде есепке алынады.
– Мұндай шара есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тарифтердің ашықтығын және есеп айырысулардың әділдігін қамтамасыз етеді, – деді мамандар.
Қосымша ақпарат алу үшін тұтынушылар өздеріне қызмет көрсететін компанияларға немесе Павлодар облысы бойынша ҚР ҚМ Табиғи монополияларды реттеу департаментіне жүгіне алады.
Байланыс телефондары: «Теплосервис-Ақсу» – 8 (71837) 60407, «ERTIS Su PVL»– 8 (7182) 650369, «Теміржолсу-Павлодар» – 8 (7182) 373060, «Майқайыңалтын» – 8 (71840) 21419, «Павлодарэнергосбыт» – 8 (7182) 903309, «Қайнар» – 8 (71836) 23344, «Галицкое» – 8 (71834) 95344, «Победа» – 8 (71836) 29795.