Асайын Байханов Павлодардағы әскерилерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
Бүгін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов №№ 5512 және 6679 әскери бөлімдеріне барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
- Құттықтау сөзінде облыс әкімі біздің әскери қызметшілер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау бойынша маңызды міндеттерді орындайтынын атап өтті, - деді баспасөз қызметінде.
Асайын Байханов әскерилердің қызметі мен тұрмыстық жағдайымен танысып, әскери қару-жарақ пен оқу-материалдық базасын қарап шықты.
Мереке қарсаңында аймақ басшысы бірқатар әскери қызметшілерді қалтқысыз қызметі үшін Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Фото: Валерий Бугаев