Павлодарлықтар азық-түлік шығындары бойынша ТОП-10 өңірге кірді
Алматылықтар үшін тамақ қымбаттырақ түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылдың алғашқы үш айында орташа есеппен алғанда бір адам азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға 131,3 мың теңге жұмсаған.
Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға көп.
Finprom.kz деректері бойынша бір алматылық тұрғын тамақ пен сусындарға 181,5 мың теңге жұмсайды. Екінші және үшінші орындарда Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр. Павлодар облысының тұрғындарына орта есеппен 124,3 мың теңге кетеді. Бұл – орташа республикалық мәнмен салыстырғанда жеті мың теңгеге аз. Облыс азық-түлік шығындары бойынша он аймаққа кірді.
Қазақстанда қаңтардан наурызға дейін тауарлар мен қызметтердің бағасы 9,3 пайызға, ал азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың бағасы 7,2 пайызға өсті.