Павлодарлықтар орманға бару үшін билетті қайдан алады?
Орман билетін алу үшін аумағы бойынша орман қорғау мекемесіне жүгіну қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы орманға бару үшін билеттер сатып алынатын орындардың тізімін жариялады.
• Шарбақты ауданы мен Аққулы ауданының аумағындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты. Байланыс телефоны: 78-77-30 (қабылдау бөлмесі);
• Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы. Байланыс телефоны: 8 (71840) 9-21-78
• Павлодар қаласы орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі (жайылма бөлігі), Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Май, Ақтоғай, Аққулы аумақтарында. Байланыс телефоны: 8 (718 2) 60 79 01 (қабылдау бөлмесі)
• Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының аумағында ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Максим Горький мекемесі. Байланыс телефоны: 8 (71833) 2 14 89
• Железин және Ертіс аудандарының аумағындағы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Үрлітүп мекемесі. Байланыс телефоны: 8 (71831) 2 24 63
2023 жылға 1 АЕК 3450 теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, «Ертіс орманы» резерватына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілді. Орманға келушіде ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін ақы төлегенін растайтын құжаттың болуы қажет. Ол табиғи резерват аумағына баруға мүмкіндік береді. Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру құны биыл 345 теңгені құрайды. Ол ҚР Салық кодексінің 589-592-баптары негізінде өткізу құны әрбір жеке және заңды тұлғадан ЕҚТА пайдаланғаны үшін 0,1 АЕК мөлшерінде салық аударымы болып табылады.