Чехия мамандары Павлодарда трамвай жүйесімен танысты
Шетелдіктер өңірімізге алғаш рет келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы трамвай басқармасының мәліметінше, Чехияның Брно қаласындағы трамвай саласының қызметкерлері Павлодардағы трамвай басқармасына келді.
– Оларды депо қызметінің жұмыс процестері, диспетчерлік бөлме, сондай-ақ трамвай қозғалысын ұйымдастыру қызықтырды. Сондай-ақ, шетелдіктер жергілікті қоғамдық көліктің жолаушылары болып көрді, – деді басқармада.
Чехиялықтар Павлодар қаласына алғаш рет келіп отыр. Шетелдік қонақтар өз демалыстарын трамвай жүйесімен танысуға арнады. Одан әрі жоспар бойынша Өскемен және Алматы қалаларына жол тартпақ.
Айта кету керек, Қазақстанда трамвай қоғамдық көлігі тек Павлодар, Өскемен, Теміртау қалаларында ғана бар.