Павлодарлықтарды қарлы боран мен көктайғақтан сақ болуға шақырды
Өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райы 22 қазан сағат 20:00-ден 23 қазан сағат 20:00-ге дейін нашарлайды.
23 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын, негізінен қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста тұман түседі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Осындай қолайсыз ауа райы Павлодар қаласында да болжанып отыр.
Мұндай кезде жолаушыларға абай болу ескертіледі.