Туризм және спорт министрі Павлодар облысына келеді

Туризм және спорт министрі Павлодар облысына келеді
Фото: gov.kz

Ербол Мырзабосынов өңір тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, министрмен кездесу 12 желтоқсан күні сағат 15:00-де Баянауыл ауылында, Сәтбаев көшесі, 47 мекенжайында орналасқан С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында өтеді.