Павлодар облысында бірқатар көліктерге жол жабылды

Павлодар облысында бірқатар көліктерге жол жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл шектеу дизель отынымен жүретін көліктерге және қоғамдық көліктерге қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу 9 желтоқсан сағат 20:00-ден бастап «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырымы аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі учаске) күшіне енді.

Жолдың 10 желтоқсан сағат 8:00-де ашылуы жоспарланып отыр. Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады.