Павлодарда автобус бағыты өзгертіледі

Павлодарда автобус бағыты өзгертіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Архангельская көшесі бойынша кәріз желісінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше,  көлік құралдарының қозғалысын шектеуге байланысты Теміржолшылар кенті (Архангельская көшесі) аялдамасынан Литвинов көшесіне дейін №5, 10, 55, 57, 14 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілетін болады.

Қоғамдық көліктер Теміржолшылар кенті (Архангельская көшесі) аялдамасына кірмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 5  сәуір күні Ломов көшесінен Гагарин көшесіне дейін Қамзин көшесінде шұңқырды жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №2, 5, 9, 10, 11, 11а, 27, 52, 55, 126 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгертілетіні туралы хабарланған болатын.