Павлодарлық асықшылар ел чемпионатында жеңімпаз атанды

Павлодарлық асықшылар ел чемпионатында жеңімпаз атанды
Фото: Қалибек Қуанұлы

Жалпы  сайысқа жеті команда  қатысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

30 шілде мен 3 тамыз аралығында Балқаш қаласында асық атудан ардагерлер арасында Қазақстан чемпионаты өткізілді. Бұл чемпионатта павлодарлық спортшылар топ жарып жеңімпаз атанды. 

– Өңірімізде асық спортының дамып келе жатқанын тағы да дәлелдедік. Тек жастар ғана емес ардагелер де өңіріміздің деңгейін көрсетуде,– дейді Павлодар облысы асық ату федерациясының президенті Қалибек Қуанұлы.

Еске сала кетейік, ақпан айының басында Түркияның Анталия қаласында өткен Еуразия кубогынан Қазақстан құрама ойыншысы, әрі Павлодар облысы асық ату федерациясының президенті Қалибек Қуанұлы бас жүлдені қанжығаға байлаған еді. 

Айта кету керек, Румыния республикасының Констанца қаласында 1-4 қыркүйек аралығында Әлем кубогы ұйымдастырылады. Бұл дүбірлі додаға өңіріміздің төрт спортшысы бақ таластыратын болады.