Павлодарда әуесқой футболшылар облыстық турнирде бақ сынады

Павлодарда әуесқой футболшылар облыстық турнирде бақ сынады
pexels.com

Қарсыласының қақпасынан саңылау таба білген үздік команда финалға жолдама алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Жұлдыз" стадионында футболдан әуесқой командалар арасында өткен облыс біріншілігінің екінші жартылай финалы  өтті. Онда "Нардос" пен "Алюминщиктер" арасындағы тартысты ойында есеп 4:3 болып "Нардос" ойыншыларының пайдасына шешілді. Осылайша, аталмыш команда финалға жолдама алды.

Футболдан облыс біріншілігінің шешуші матчында жеңіске жеткен команда "Ақбетпен" ойнайды. Финалдық ойын 1 қазанда орталық стадионда өтеді.

Айта кетелік, командалар "Ақсу"-"Қайсар" премьер – лигасының алдында ойнайды. Футболдан облыс біріншілігінің жеңімпазы әуесқой командалар арасындағы Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

Ал республикалық біріншілік Павлодарда 8-15 қазан аралығында өтеді деп күтілуде.