Екібастұздық жас футболистер испандық жаттықтырушыдан дәріс алуда (ВИДЕО)
Әлемдік деңгейдегі жаттықтырушы 5 күн бойы УЕФА бағдарламасы бойынша жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Кеншілер шаһарының басшысы Аян Бейсекиннің мәлімдеуінше, қалада 600-ден астам бала "Арт Спорт"мемлекеттік жан басына қаржыландыру бағдарламасының арқасында футболға тегін қатыса алады.
- Футболдан шеберлік сыныбын аталмыш бағдарлама аясында жұмыс істейтін "Санлин" футбол академиясы ұйымдастырды. Мұнда балаларды испан жаттықтырушысы Серхио Лендинес жаттықтыратын болады. Жаттықтырушы біздің қалаға арнайы шақырумен келді, - деді Аян Бейсекин.
16 жылдық тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі жаттықтырушы 5 күн бойы УЕФА бағдарламасы бойынша жас футболшыларды жаттықтыратын болады.
- Мен бұл кішкентай балалардың талантын тек республикалық аренада ғана емес, әлемдік аренада да көретінімізге сенімдімін, - деді қала әкімі.
Серхионың Қазақстанға алғаш келуі. Дегенмен ол біздің балалардың табандылығы мен талантын ерекше атап өтті. Ол футбол техникасында ең басты қару балаларға қателесуге және шеңберден тыс ойлауға мүмкіндік беру әрі оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру дейді.
Серхио Лендинеспен бірге келген жаттықтырушылардың бірі Сергей Шишман. Бұл Екібастұз футбол клубының тәрбиеленушісі. Ол 2021 жылдан бері Испан клубында ойнайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram