Павлодарлық дәрігерлер сәбилер үшін пайдалы тамақтануды атады
Баланың витаминдер алуы үшін аналардың тамағы нәрлі болуы керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өмірінің алғашқы айларында өзіне және балаға қалай зиян тигізбеу керектігін, №1 Павлодар қалалық ауруханасында түсіндірді. Емхана жанынан «жас аналар» мектебі ашылған. Мұнда нәрестені дұрыс ұстауға, қолына алып кеудесіне басуға, кеуде сүтін сауғаннан кейін тамақтандыруды және сақтауды үйретеді – бұл жаңа туған нәрестелер үшін пайдалы тамақтанудың жалғыз көзі.
- Бұл әсіресе туылғаннан кейінгі бірінші сағатта өте маңызды. Баланың анасымен жанасуды, эмоционалды жақындасуды қамтамасыз етеді. Бұл нәрестенің дамуының алғашқы алты айында да қажет. Өйткені қоректік заттар, дәрумендер, таурил денеге емшек сүтімен енеді, әрі қарай сәбидің сау дамуына ықпал етеді, – деп түсіндірді босанғаннан кейінгі бөлімнің дәрігері Виктория Ермакова.
Ана сүті – нәресте үшін антиденелердің жалғыз көзі. Оның құрамында барлық иммуноглобулиндер, ақуыздар, майлар, су, А, С дәрумендері бар. Оларда бірде-бір алмастырғышында жоқ, дейді дәрігерлер. Ана сүтімен қоректенетін бала жақсы дамып, мықты, ақылды, сау болып өседі. Жасанды тамақтандыру балалардың қажеттіліктеріне бейімделген, бірақ ана сүтіндегідей пайдалы бола алмайды.
- Біз алты айға дейін бөбекті емізуге кеңес береміз. Алты айдан кейін әйелдерге емшек сүтімен емізуді екі жылға дейін жалғастыра отырып, қосымша тамақ беруді ұсынамыз, – деп қосты перзентхананың босанатын бөлімінде.
Аналардың өздерінің де тамақтануы нәрлі болуы қажет, деп ескертті дәрігерлер. Босанған әйелдер ірімшік пен жаңғақ жей алады. Күніне кемінде екі литр су ішуді ұмытпауы керек. Үйде көбірек демалуы абзал.
Екі баланың анасы Ақбота Байымбай емшек сүтімен емізудің пайдасы туралы біледі. Ол үлкен ұлын үш жасқа дейін тамақтандырған. Жуырда ол қызын дүниеге әкелген. Кішкентай ханшайымын ол кем дегенде екі жылға дейін тамақтандыруға ниетті.
- Менің балаларым үшін кеуде сүті теңдесіз тамақтану болып табылады. Ана сүтінде көптеген дәрумендер бар. Мен мұны ұлыма қарап айта аламын, - деп мойындады Ақбота Байымбай.
Кеуде сүтімен емізетін әйелдерде окситоцин түзіледі. Босанғаннан кейін жатыр табиғи түрде жиырылады. Ана сүтімен қоректену – бұл сүт безі және аналық без обырының алдын алу, әйелде босанғаннан кейінгі депрессияның, екінші типтегі қант диабетінің даму қаупі төмендейді.
Фото: Денсаулық сақтау басқармасы