Павлодарлық балықшылар республикалық біріншілікте жеңімпаз атанды

Павлодарлық балықшылар республикалық біріншілікте жеңімпаз атанды
Фото: Константин Шелков

Олардың бірі жеке есепте «алтынды» алып келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Қостанайда мұздан жылтыр қармаққа спорттық балық аулау бойынша екі күндік ҚР чемпионаты аяқталды. Оған павлодарлық «Балық аулау» мен екібастұздық «FishMania» командалары қатысты.

«Балық аулау» командасының мүшелері Роман Ткачук, Павел Логвиненко және Дәурен Айдаров жеңімпаз атанды. Керемет үштік мұзға 14 келіге жуық балық шығарды. Павел Логвиненко 5717 грамм олжа мен жеке есепте чемпионаттың «алтынын» жеңіп, рекорд орнатты. Ал Екібастұздан келген «FishMania» командасы 8 килограмм 69 грамм балық аулаумен жарыстың қола жүлдегері атанды. 

– Чемпионат өте қатал жағдайда өтті: ауа температурасы 30 градустан төмен болды. Балық оңайлықпен қармаққа ілінбеді. Қарсыластар бізге босаңсуға мүмкіндік бермеді, – деп атап өтті жарыстың қола жүлдегері Роман Ткачук. –  Қостанайдан келген чемпионатты ұйымдастырушылар 2023 жылғы жеңілістен кейін, осы жолы жеңіске үміттенді. 

Оның айтуынша, алтын медальдар жиынтығы қайтадан Павлодар облысына кетті. Жүлдегер қазіргі көшбасшылықты ұстай алмаса да, Қазақстанның үздік балықшылары рейтингінде үшінші орын алып, 2025 жылғы ел құрамасы атынан АҚШ-тағы әлем чемпионатына қатысатын болады. Яғни, Павел Логвиненко екеуі үздік алтылыққа енді. 

Сондай-ақ, ел құрамасына кірген тағы төрт балықшы – қостанайлықтар. Жеңімпаздар Екібастұздың әйгілі балықшысы, бапкері Тимур Ковалевке және «Богатырь Көмір» компаниясына алғыстарын білдіреді. 

– Осы  компанияның арқасында Моңғолиядағы және қазір АҚШ-тағы әлем чемпионатында ең жақсы балықшылардың қатарына кіру арманым орындалады, – деп бөлісті балықшы.

Айта кетейік, бірнеше күннен кейін ел құрамасы құрамасындағы Роман Ткачук Моңғолияға мұздан жылтыр қармаққа балық аулау бойынша әлем чемпионатына Қазақстанның намысын қорғауға аттанады.