Павлодарда шетелдік студенттерді өрт сөндіру құралдарымен таныстырды
Дөңгелек үстелді қалалық ТЖБ қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төтеншіліктер алдын алу шарасын жоғару оқу орнының студенттері үшін өткізді.
– Күзден бастап жоғары және орта арнаулы мекемелерде оқу жылы басталады, онда күн сайын көптеген студенттер, оның ішінде шет елдерден келген студенттер оқиды. Кездесуде қоғамдық орындарда төтенше жағдайлар туындаған кезде не істеу керектігі сияқты мәселелер қозғалды, өрттердің туындау жағдайлары мен себептері түсіндірілді. Студенттер сонымен қатар өрт сөндіру құралдарының түрлерімен, құрылғыларымен және қолдану ережелерімен танысты, – деп атап өтті ведомствода.
Дөңгелек үстелге басқарма бастығының орынбасары Тілекжан Галямов, инспектор Арман Дарын, Дархан Теміршот және анықтаушы Айхан Рымханов қатысты.