Павлодарлық қарыз алушыларға дербес деректердің таралуы туралы ескертілді
Цифрлық даму министрлігінің мамандары не істеу керектігін еске салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандықтардың екі миллионнан астам дербес деректерінің жоғалып кеткенін анықтады. Олар «Zaimer.kz» микроқаржы ұйымының клиенттері болған («МҚҰ «Робокэш.кз» ЖШС). Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі EgovMobile-ға хабарламалар жіберіп, ұсыныстар берді.
– Егер сізге хабарлама келіп түскен болса, бірақ сіз «МҚҰ «Робокэш.кз» ЖШС дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермесеңіз, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толыққанды қарау және қабылдау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз, – деп хабарлады ведомствода.
Қазақстанның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 79-бабы және 641-бабы бірінші бөлігінің бірінші тармақшасы бойынша жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 147-бабы – «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бойынша қауіп-қатерге ұшырап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік техникалық қызмет Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдарының отыз алты миллионнан астам тұтынушы деректерін анықтады.
Министрлікте республика тұрғындарына парольдерді жиі жаңартып отыруға, екі факторлы аутентификацияны пайдалануға, балаларға арналған жеке банк карталарын ресімдеуге, қолданбаларға кіруді шектеу мен геолокацияны жоюға, әлеуметтік желілерде құпиялылықты орнатып, бағдарламаларды тек ресми сайттардан жүктеуге, ресурстардың мобильді нұсқаларына артықшылық беру ұсынылды.
Айта кетейік, ұсыныстар мен ескертулердің толық тізімі ведомствоның сайтында орналасқан.