Мотошлем тақпаған: Павлодарда электросамокат жүргізуші жазаланды

Мотошлем тақпаған: Павлодарда электросамокат жүргізуші жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінде қала тұрғындары арасында электросамокат пайдалану танымалдыққа ие болуда,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қыркүйектен бастап электросамокаттар жүргізушілерінің 91 құқық бұзушылығының жолы кесілді. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау және мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау фактілері бар.   

– 35 жастағы жүргізуші Катаев - Ломов көшесінде жүргізуші куәлігінсіз самокат жүргізген. Сол күні электросамокатты Н.Назарбаев даңғылында мотошлем тақпай жүргізген тағы бір жүргізуші тоқтатылды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды, – дейді департаментте. 

Жаңа заңға сәйкес, электросамокаттар  веложолдармен және веложолақпен жүруі керек. Олар болмаған жағдайда жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегі бойынша, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ бойымен бір қатарда жүреді. Кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі бар адамға  18 жастан бастап жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегімен ғана жүруге рұқсат етіледі. Шекті рұқсат етілген жылдамдық сағатына 25 шақырым. Ал жаяу жүргіншілер жолағында немесе жаяу жүргіншілер жолында сағатына 6 шақырым ғана жылдамдықпен жүре алады.

Электросамакат жүргізушілеріне тыйым салынады:

• Рөлді жоқ дегенде бір қолымен ұстамай жүргізуге;

• Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға;

• Трамвай қозғалысы бар жолдарда және бір жолақтан көп жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;

• Электросамокаттарды  жүргізген кезде жол қиылысын кесіп өтуге. Жүргізушілер қиылыстардан жаяу жүргіншілер өткелімен  көлікті қатар алып жүріп өтуі керек.

Мопед жүргізушілеріне веложолда, веложолдарда, тротуарларда немесе жаяу жүргіншілер жолағында жүруге тыйым салынады.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 30 тамыздан бастап электросамокаттарды пайдалануды реттейтін заңнамалық өзгерістер енгізілді.