Павлодарда өрттен тоғыз адам құтқарылды
Зардап шеккен пәтердің иесін ауруханаға дене күйігімен жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 қараша күні кешкі сағат 21:39-да Ак.Сәтбаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірден тұрғындарды құтқаруға кірісті. Барлау жүргізген кезде бірінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерден 20 шаршы метр аумағында үй заттары мен жиһаздың жануы анықталды.
– Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері тоғыз адамды құтқарды. Оның ішінде бір бала баспалдақ арқылы түсірілді,– деді департаментте.
Құтқарушылар келгенге дейін пәтер иесінің көршісі оны өрт шыққан пәтерден шығарды. Сондай-ақ, 22 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде бір бала бар.
– 39 жастағы пәтер иесін тобық күйігі, термиялық күйік, орташа дәрежелі жану өнімдерімен улану диагнозымен № 1 қалалық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. Ол алкогольдік мас күйінде болған,– деді департаментте.
Өрт кешкі сағат 22:30-да сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өртті абайсыз қолдану тілсіз жаудың себебі болды.