Павлодарлық фельдшерлер зейнеткерді инфаркттан аман алып қалды

Павлодарлық фельдшерлер зейнеткерді инфаркттан аман алып қалды
Фото: Константин Шелков

Науқас клиникалық өлім жағдайында болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 20 шілдеде сағат 06:50-де облыстық жедел жәрдем станциясының пультіне Шарбақты ауданынан шақырту келіп түсті. Қоңырау шалған 63 жастағы ер адам кеуде қуысының ауырсынуына шағымданған.  Медицина қызметкерлері науқасқа 4 минуттан кейін келген. Олар ер адамды клиникалық өлім жағдайынан құтақарып қалған. 

– Науқасқа жедел миокард инфарктісі диагнозы қойылды. Ол бірден клиникалық өлім жағдайына түсті. Фельдшер жедел жәрдем жүргізушісімен бірге дефибрилляторды пайдаланып реанимациялық жәрдем көрсетуді бастаған. Науқастың жағдайы тұрақталғаннан кейін оны Шарбақты аудандық ауруханасына жеткізді, –  дейді 103 облыстық станция қызметінің бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая.

Аман қалған ер адам  Шарбақты ауданынан Павлодар облыстық кардиорталығына  ауыстырылатын болады.